Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалау өнімге тауарды сәйкестендіруге және оның айналымның барлық кезеңдерінде қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірегей цифрлық кодты енгізуді көздейді.
Қазақстанда бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жоба 2022 жылғы 1 наурыздан 2023 жылғы 15 маусымға дейін жүргізілді.
Пилоттық жоба аясында нарық қатысушылары таңбалау, ақпараттық жүйеге мәліметтерді беру және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың қадағалану процестерін сынақтан өткізді.
Осы бетте пилоттық жоба аясында әзірленген материалдар мен құжаттар ұсынылған

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу кезеңдері
1 наурыз
2022 жыл
пилоттық жобаның басталуы
15 маусым
2023 жыл
пилоттық жобаның аяқталуы
1 желтоқсан
2026 жыл
бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалаудың енгізілуі
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды таңбалау
Нормативтік құжаттар
Таңбалауға жататын тауарлар
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 117 «Пилоттық жобаны жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы №199-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес мынадай тауарлар таңбалауға жатады:
| № | СЭҚ ТН | Сипаттамасы | Енгізу күні |
|---|---|---|---|
| 1 | 7113 11000 0 | күмістен жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және олардың бөліктері | 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті таңбалау |
| 2 | 7113 19 000 0 | өзге де бағалы металдардан жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және олардың бөліктері | 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті таңбалау |
| 3 | 7114 11 000 0 | күмістен жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған металдардан жасалған зергерлердің алтын немесе күміс бұйымдары және олардың бөліктері | 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті таңбалау |
| 4 | 7114 19 000 0 | өзге де бағалы металдардан жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бағалы металдардан жасалған бұйымдар | 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті таңбалау |
| 5 | 9111 10 000 0 | өзімен бірге алып жүруге немесе тағып жүруге арналған сағат корпустары және олардың бөліктері, бағалы металдан немесе бағалы металмен қапталған металдан жасалған корпустар | 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті таңбалау |
| 6 | 9113 10 100 0 | өзімен бірге алып жүруге немесе тағып жүруге арналған сағаттарға арналған бағалы металдан жасалған баулар, таспалар мен білезіктер және олардың бөліктері | 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға қатысты міндетті таңбалау |