Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалау — өнім қаптамасының әрбір бірлігіне бірегей цифрлық Data Matrix кодын түсіру процесі. Бұл код тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап, сақтау және дистрибуция арналары арқылы соңғы өткізу нүктесіне дейінгі тауар айналымының барлық кезеңдеріндегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, таңбалау кодында өнім туралы мәліметтер, оның ішінде шығу тегі, атауы, сондай-ақ өнімді сәйкестендіру және оның заңды айналымын бақылау үшін қажетті өзге де сипаттамалар қамтылады.
Таңбалау жүйесіне тіркеліңіз
Таңбалау жүйесінде (ТТҚ АЖ) алдын ала тіркеуден өтіп, тауар карточкаларын ұлттық каталогқа енгізуді ұсынамыз. Бұл 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілетін міндетті таңбалаудың басталуына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.
Таңбалау тестілік жүйесіне тіркеліңіз
Өнімді жүйеде жұмыс басталғанға дейін таңбалаудың тестілік жүйесінде тіркеуден өту ұсынылады. Тестілік ортаны пайдалану жүйенің функционалымен алдын ала танысуға, негізгі бизнес-процестерді пысықтауға және ықтимал қателерді анықтауға мүмкіндік береді, бұл таңбалаудың өнімді жүйесінде кейінгі жұмыс барысында тәуекелдерді барынша азайтады.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Өндіруші
Импорттаушы
Дистрибьютор
Бөлшек сауда сатушысы
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларға таңбалауды енгізу кезеңдері
2025 жылдың

28 наурыз

пилоттық жобаның басталуы

2025 жылдың

31 желтоқсан

пилоттық жобаның аяқталуы

2026 жылдың

1 қыркүйек

ББҚ міндетті таңбалаудың енгізілуі

2027 жылдың

1 наурыз

тауар айналымы туралы мәліметтерді міндетті түрде берудің басталуы

Data Matrix кодтарын жылдам өңдеу үшін таңбалау кодтарының конвертерін пайдаланыңыз. CSV файлын жүктеңіз немесе кодтарды алмасу буферінен енгізіңіз, тауар түрі мен операцияны таңдаңыз — жүйе нәтижені автоматты түрде қалыптастырады.
Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау
Бейненұсқаулықтар
Нормативтік құжаттар
Нұсқаулар
Үлгі шарттар
Майлау материалдары мен арнайы автомобильдік сұйықтықтарды өндірушілер мен импорттаушыларды ТТҚ АЖ-да тіркеу



ТТҚ АЖ жүйесінде жұмысты бастау (профильді баптау және рөлді қосу)



ТТҚ АЖ жүйесінде тауар карточкаларын тіркеу



ТТҚ АЖ жүйесінде таңбалау кодтарына тапсырыс беру



ТТҚ АЖ жүйесінде таңбалау кодтарын жағу туралы есепті жіберу
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы "Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы" № 199-НҚ бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 10 шілдедегі "Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы" № 74 бұйрығы
ТТҚ АЖ қолданушысының нұсқаулығы
Тіркелу бойынша қолданушысының нұсқаулығы
Инструкция по работе в ИС МПТ по БАД для розничного сегмента
Общая информация по маркировке БАД
ТТҚ АЖ жүйесіне қосылуға үлгілік шарт (ББҚ)
Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған үлгілік шарт