Аяқ киімді таңбалау — әрбір аяқ киім жұбына өндіруші, модель, шыққан ел және басқа да сипаттамалар туралы ақпарат шифрланған бірегей Data Matrix кодын енгізу. Код тауардың өндірістен бастап сатылымға дейінгі қозғалысын қадағалауға және контрафактілік өнімнен қорғауға мүмкіндік береді.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Өндіруші
Импортер
Дистрибьютор
Бөлшек сауда сатушысы
Аяқ киімді таңбалауды енгізу кезеңдері
1 қараша

2021 жыл

1 қарашадан бастап таңбаланбаған тауарларды өндіруге және импорттауға тыйым салынды

1 сәуір

2023 жыл

2021 жылғы 1 қарашаға дейін өндірілген және импортталған аяқ киім тауарларының қалдықтарын таңбалаусыз сатуға рұқсат етілді

1 маусым

2024 жыл

2024 жылғы 1 маусымға дейін аяқ киімнің барлық қалдықтарын таңбалау қажет. Таңбаланбаған аяқ киім айналымына тыйым салынды

Қаңтар

2025 жыл

Импорттаушыларға барлық кедендік рәсімдерден өткеннен кейін Қоймалар тізбесіне енгізілген Қазақстан Республикасындағы өз қоймаларында аяқ киімді таңбалауға рұқсат етілді

Қаңтар

2026 жыл

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-де таңбаланбаған тауарларды сатқаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану нормасы күшіне енді (284-бап)

Ақпан

2026 жыл

Аяқ киімді таңбалау саласындағы өкілеттіктер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілді

Аяқ киімді таңбалау
Жүйеге қалай тіркелуге болады
Бейне нұсқаулықтар
Нормативтік құжаттар
Нұсқаулықтар
Типтік шарттар
Таңбалануға жататын аяқ киім тауарлары

Таңбалау жүйесіне тіркелу үшін сізге бірінші басшыға немесе жеке кәсіпкерге электрондық цифрлық қолтаңба және компьютердегі NCALayer бағдарламасы қажет. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының сайтында ЭЦҚ алуға және бағдарламаны орнатуға болады (https://pki.gov.kz/ncalayer/)

1
Сілтемелер арқылы жүйеге тіркеліңіз:
• сынақ ортасы https://stage.ismet.kz/login-kep,
• өнімді орта https://elk.prod.markirovka.ismet.kz/login-kep
2
«Сертификатты таңдау» батырмасын басыңыз
3
ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз және тіркеуге өтінім беру үшін міндетті жолдарды толтырыңыз
Аяқ киімді таңбалауды енгізу кезеңдеріне арналған бейнероликтер Қазақстандағы цифрлық таңбалау YouTube-арнасында орналастырылған


Тауарды ТТҚ АЖ-да тіркеу




Тауарларды қабылдау/тапсыру актісі




Айналымға енгізу туралы хабарлама




Айналымнан шығару туралы хабарлама




Naqtysauda.Акт таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге арналған тегін мобильді қосымша




«Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 586 бұйрығы
«Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 08 тамыздағы №72 шешімі
Ұлттық тауарлар каталогы. Пайдаланушының нұсқаулығы
ҚР мен РФ арасындағы таңбалау кодтарын өзара танудың уақытша сұлбасы
Аяқ киімді таңбалау мен оны қадағалау туралы жүйені пайдаланушының нұсқаулығы
«Тапсырыстарды басқару станциясы» пайдаланушының нұсқаулығы
Өнім картасын тіркеу
Аяқ киім қалдықтарын таңбалау бойынша қадамдық нұсқаулар
Кәсіп-үдірістерінің журналы
Таңбалардың үлгісі
Naqty sauda Акт Пайдаланушының жетекшілігі
Нұсқаулық. Мобильдік қосымша
Өнім карталарын Excel арқылы Ұлттық өнім каталогына жаппай жүктеп салу нұсқаулары
ЭҚТБЖ-ТТ СЭҚ-GPC Кодтар арқылы аяқ киім
Тапсырысты басқару жүйесінің нұсқаулығы
Naqty sauda kassa пайдаланушының нұсқаулығы
Тауарлардың Ұлттық каталогында жаңа орау кодын (GTIN) құру опциясының сипаттамасы
NAQTY ONIM мобильді қосымшасында жұмыс істеу бойынша нұсқаулық
NAQTY SAUDA.AKT мобильді қосымшасында жұмыс істеу нұсқаулары
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қосылуға арналған үлгі шарт
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының қызметтеріне қатынау ұсыну үлгі шарты
"Қазақтелеком" АҚ 2021 жылғы 23 шілдедегі № 196 бұйрығы "Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының қызметтерін көрсету және тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ұжаттардың нысанын бекіту туралы"
"Қазақтелеком" АҚ 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 12 бұйрығы "«Қазақтелеком» АҚ кейбір бұйрықтарына, тауар айналымына қатысушылармен үлгілік шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы №199-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар тізбесіне сәйкес мына СЭҚ ТН кодтары бар аяқ киім тауарлары міндетті таңбалануға жатады: 6401, 6402, 6403, 6404, 6405