Медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жоба аяқталды
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау әрбір қаптамаға бірегей цифрлық кодты түсіруді көздейді. Бұл код өнімді сәйкестендіруге және оның өндірушіден немесе импорттаушыдан түпкі тұтынушыға дейінгі қозғалысын айналымның барлық кезеңінде қадағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 709 «Қазақстан Республикасы берген тіркеу куәлігі болған кезде медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны өткізу туралы» бұйрығына сәйкес іске қосылды.
Жоба медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, заңсыз айналымдағы өнімдерді анықтауға және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін бұйымдарды айналымнан жедел алып тастауға бағытталған. Таңбалауды енгізу мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға және тұтынушыларды қорғауға ықпал етеді.
Осы бетте пилоттық жобаға қатысты материалдар мен құжаттар ұсынылған.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалауды енгізу кезеңдері
1 қараша
2025 жылғы
Пилоттық жобаның басталуы
1 мамыр
2026 жылғы
Пилоттық жобаның аяқталуы
1 маусым
2026 жылғы
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау
Нормативтік құжаттар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 709 «Қазақстан Республикасы берген тіркеу куәлігі болған кезде медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны өткізу туралы» бұйрығы