Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау — бұл әрбір өнім бірлігіне бірегей цифрлық Data Matrix кодын енгізу. Аталған код тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап соңғы өткізу нүктесіне дейінгі барлық айналым кезеңдеріндегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді. Таңбалау коды өнімді сәйкестендіруге және оның заңды шығу тегін растауға қажетті мәліметтерді қамтиды, сондай-ақ тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Тауарлар экспортының ақпараттық жүйесі
Жүйе Қазақстан Республикасының экспорттаушыларына жеңіл өнеркәсіп тауарларын Ресей Федерациясына экспорттау кезінде кейіннен жүктеп алып, пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Таңбалау операторы арқылы ресейлік үлгідегі таңбалау кодтарын алуға мүмкіндік береді. Бір таңбалау кодының құны — ҚҚС-сыз 3,26 теңге. Сілтемеге өту

Таңбалау жүйесіне тіркеліңіз
Таңбалау жүйесінде (ТТҚ АЖ) алдын ала тіркеуден өтіп, тауар карточкаларын ұлттық каталогқа енгізуді ұсынамыз. Бұл 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілетін міндетті таңбалаудың басталуына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.

Таңбалау тестілік жүйесіне тіркеліңіз
Өнімді жүйеде жұмыс басталғанға дейін таңбалаудың тестілік жүйесінде тіркеуден өту ұсынылады. Тестілік ортаны пайдалану жүйенің функционалымен алдын ала танысуға, негізгі бизнес-процестерді пысықтауға және ықтимал қателерді анықтауға мүмкіндік береді, бұл таңбалаудың өнімді жүйесінде кейінгі жұмыс барысында тәуекелдерді барынша азайтады.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау кезеңдері

15 желтоқсан

2020 жыл

пилоттық жобаның басталуы

30 қазан

2024 жыл

ЖӨТ бойынша РӘТ-тің жария талқылаулары

31 қазан

2024 жыл

ЖӨТ-ты Ресейге экспорттау үшін КИЗ алу қызметін іске қосу

7 сәуір

2025 жыл

ЖӨТ бойынша РӘТ-тің жария талқылаулары және РӘТ нәтижелерін ВАК-та мақұлдау

1 желтоқсан

2026 жыл

өндірілген және (немесе) импортталған ЖӨТ-ты кезең-кезеңімен міндетті таңбалауды енгізу

1 қазанға дейін

2027 жыл

таңбаланған ЖӨТ-тың қадағалануы

1 қаңтарға дейін

2028 жыл

2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін өндірілген немесе импортталған ЖӨТ-тың таңбаланбаған қалдықтарын сатуға рұқсат етіледі

Data Matrix кодтарын жылдам өңдеу үшін таңбалау кодтарының конвертерін пайдаланыңыз. CSV файлын жүктеңіз немесе кодтарды алмасу буферінен енгізіңіз, тауар түрі мен операцияны таңдаңыз — жүйе нәтижені автоматты түрде қалыптастырады.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау
Нормативтік құжаттар
Нұсқаулықтар
Үлгілік шарттар
«Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай оператордың қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» ЦБД-ның 2026 жылғы 30 сәуірдегі №43 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай оператордың қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» ЦБД-ның 2026 жылғы 30 сәуірдегі №43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ЦБД-ның 2026 жылғы 23 қыркүйектегі №126 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 450 «Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы
«Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай оператордың қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» ЦБД-ның 2026 жылғы 30 сәуірдегі №43 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай оператордың қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы» ЦБД-ның 2026 жылғы 30 сәуірдегі №43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ЦБД-ның 2026 жылғы 23 қыркүйектегі №126 бұйрығы.
Пайдаланушы нұсқаулығы_МПТ_v.2.0
ТТҚ АЖ-де тіркелу бойынша пайдаланушы нұсқаулығы
ТТҚ АЖ API сипаттамасы. «Пайдаланушы» рөлі
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын импорттаушыларға арналған жадынама
ЖӨТ бойынша ақылы қызметтер көрсету шартына қол қою
Кодтарды конвертациялау сервисі және PDF генераторы бойынша нұсқаулық
Шотты толықтыруға арналған деректемелер
Шотты толықтыру және төлемге шот алу
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының цифрлық жүйесіне қосуға арналған үлгілік шарт
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының Бірыңғай операторының қызметтеріне қолжетімділік беруге арналған үлгілік шарт