Ағаш материалдарын таңбалау жөніндегі пилоттық жоба аяқталды
Қазақстанда «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, ағаш материалдарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жоба аяқталды. Жоба Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Пилоттық жоба аясында ағаш материалдарын таңбалау және қадағалау тетіктері, цифрлық жүйенің функционалы, сондай-ақ таңбалау кодтарын енгізудің түрлі тәсілдері сынақтан өткізілді. Жобаға қатысушылар таңбалау процестерін қолданыстағы өндірістік процестерге интеграциялау мүмкіндігін тәжірибе жүзінде сынап көрді.
Пилоттық жобаны іске асыру ағаш материалдарын есепке алу мен бақылауды жетілдіруге, олардың айналымының ашықтығын арттыруға, мониторингті күшейтуге және ағаш материалдарының заңсыз саудасына қарсы іс-қимылды нығайтуға бағытталды.

Ағаш материалдарын таңбалау кезеңдері
2025 жылдың
1 тамызы
Пилоттық жобаның басталуы
2025 жылдың
20 қазаны
Пилоттық жобаның аяқталуы
2026 жылдың
1 желтоқсаны
Ағаш материалдарын міндетті таңбалаудың енгізілуі
Ағаш материалдарын таңбалау
Жиі қойылатын сұрақтар
Ағаш материалдарын таңбалау және қадағалау жүйесіне кімдер қатысуға міндетті?
Орманды бастапқы кесу және дайындау кезінде ағаш кесу билеті бар барлық тұлғалар қатысуға міндетті.
Ағаш материалдарын таңбалау не үшін қажет?
Жеткізу тізбегінің ашықтығын қамтамасыз ету, заңсыз ағаш кесудің алдын алу және адал бизнесті қорғау үшін қажет.
Таңбалауда қандай ақпарат қамтылады?
Ағаш кесу билетінің нөмірі, орманшылықтың атауы, орам нөмірі, телім нөмірі, ағаштың түрі, шаруашылық түрі, іскерлік немесе отындық ағаш екені, көлемі, иесі және оның қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Таңбалау ағаш материалына қалай түсіріледі?
Таңбалау бірегей код (штрихкод немесе QR-код) түрінде биркаға (пластикалық пломбаға) түсіріледі. Бирка отындық ағаштың бумасына немесе іскерлік ағаштың әрбір бірлігіне бекітіледі.
Өңделген өнімдерді (тақтайлар, кесілген ағаш материалдары) таңбалау қажет пе?
Жоқ. Таңбалауға тек дөңгелек ағаш материалдары жатады.
Таңбалау кодтарын кім береді?
Кодтар ағаш материалдарын таңбалау және қадағалаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылып, беріледі.
Таңбалау кодтары үшін ақы төлеу қажет пе?
Иә. Кодтар ақылы негізде беріледі, олардың құнын мемлекет белгілейді.
Таңбалаудың түпнұсқалығын қалай тексеруге болады?
Штрихкодты немесе QR-кодты мобильді қосымша арқылы сканерлеу немесе код нөмірін мемлекеттік жүйеде тексеру жеткілікті.
Таңбалаудың болмауы үшін қандай айыппұлдар қарастырылған?
Қазіргі уақытта «Ағаш материалдары» тауар тобы пилоттық жоба аясында. Нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және қылмыстық жауапкершілік белгілеу жоспарлануда.
Ағаш материалдарын міндетті таңбалау қашан енгізіледі?
Ағаш материалдарын міндетті таңбалауды 2026 жылғы желтоқсаннан бастап енгізу жоспарланып отыр.