Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің, жеке гигиена заттары мен тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін таңбалау жөніндегі пилоттық жоба аяқталды
Пилоттық жобаны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен бірлесіп, Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін жүргізді. Оған отандық өндірушілер, импорттаушылар және көтерме-бөлшек сауда өкілдері қатарынан 20 ұйым қатысты.
Қатысушылар кодтарға тапсырыс беру мен оларды өнімге түсіруден бастап, өнімді бақылау-касса машинасы арқылы айналымнан шығаруға дейінгі таңбалау процестерін сынақтан өткізді. Өндірістік және қойма алаңдарында кодтарды түсірудің түрлі тәсілдері сыналып, таңбалауды қолданыстағы процестерге ықпалдастыру мүмкіндіктері бағаланды.
Пилоттық жобаның нәтижелері мен бизнес өкілдерінің ұсыныстары таңбалауды енгізуге дайындық барысында ескеріледі. Жоба қорытындысы бойынша материалдар мен құжаттар осы бетте ұсынылған.
Таңбалау қағидаларының мәртебесі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген таңбалау және қадағалау қағидаларының жобасы бекіту сатысында. Қағидалар бекітілгеннен кейін ресми түрде жарияланады.
Таңбалау жүйесіне қол жеткізу
Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі (ТТҚ ЦЖ) дайындық сатысында. Жүйенің іске қосылуы және жеке кабинетке қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ қадамдық нұсқаулықтар мен API спецификациялары осы бетте орналастырылады.

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің, жеке гигиена заттары мен тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін таңбалауды енгізу кезеңдері
1 шілде
2025 жылғы
Пилоттық жобаның басталуы
30 маусым
2026 жылғы
Пилоттық жобаның аяқталуы
1 наурыз
2027 жылғы
Шашқа арналған құралдарды, тіс тазалауға арналған құралдарды және бөлшек саудада сатуға арналған жеке қаптамадағы тіс жібін міндетті таңбалауды енгізу
1 желтоқсан
2027 жылғы
Ұстаралар мен оларға арналған жүздерді (жолақ дайындамаларды қоса алғанда) міндетті таңбалауды енгізу
1 маусым
2028 жылғы
Бөлшек саудада сатуға арнап өлшеп оралған беттік-белсенді заттарды, жуу және тазалау құралдарын міндетті таңбалауды енгізу
1 желтоқсан
2028 жылғы
Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, жеке гигиена құралдарын, сабын мен теріні жууға арналған құралдарды міндетті таңбалауды енгізу
1 желтоқсан
2028 жылғы
Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің, жеке гигиена заттары мен тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін міндетті қадағалауды енгізу
Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің, жеке гигиена заттары мен тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін таңбалау
Нормативтік құжаттар
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 285 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 213 „Тұрмыстық химия тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің кейбір мәселелері туралы“ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы.
Тұрмыстық химия тауарларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 124 «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің, жеке гигиена заттарының және тұрмыстық химия тауарларының жекелеген түрлерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы» шешімі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 112-Н «Тұрмыстық химия тауарлары мен косметикалық өнімдерді сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы» бұйрығы.